Ата-аналарға кеңес » "Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Б.Сырттанов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
ноябрь
2021

Ата-аналарға кеңес

Ата –аналарға кеңес

 1. Отбасыларыңызда, балаларыңызбен ішкі проблемаларыңызды ашық айтуға тырысыңыздар.
 2. Өз балаларыңызға өмірде мақсатқа қалай жету қажет екеніне, талап етіңіздер.
 3. Қиын жағдайда үнемі бірге болыңыздар.
 4. Әр бастаған жұмыстарын, сөзбен және іспен қолдап отырыңыз.
 5. Ешқашан балаға қол жұмсамаңыз. 
 6. Болашақ балаларыңызды жақсы көріңіз, мұқият болыңыз, бұл әсіресе өте қажет.
  
Балаңызбен  қалай қарым-қатынас жасау керек ?
Адам баласының өмірінде қарым-қатынас маңызды орын алады, онсыз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Қарым-қатынас жасауға деген қажеттілік адамның жаңа бір дүниені тануға және басқа адамдардың бағасын білуге деген ұмтылысынан туындайды. Психологтардың айтуынша, қарым –қатынас өзге адамның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған тұлғалар арасындағы әрекеттің бір түрі болып саналады. Қарым-қатынас негізінде баланың бойында өзіне тән қасиеттері, адамгершілік көзқарастары, дүниетанымы қалыптасады.  Ата-ана үшін бала қаншылықты қымбат болса , бала үшін де ата-ана махаббаты мен қамқоры өте маңызды. Қарым-қатынас негізінде бала мен ата-ана арасында байланыс орнайды, ең алдымен ол үстірт басталып, біртіндеп тереңдей береді. Бұл отбасында орын алған сыйласымдылық пен мейірімділік, түсіністік пен еркіндіктің нәтижесінде қалыптасады. Қарым-қатынастың ендігі бір маңызды қызметі – бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас реттілігі. Бұл жанұядағы байланысты реттейді,ата-ана тарапынан балаға бақылау мен талаптарды орната отырып, баланың өзіндік мінез-құлқын, тәртібін, іс-әрекеттерін, сезімдерін реттеуге, басқаруға мүмкіндік береді. Реттегіш құралы ретінде талап, бақылау мадақтау мен жазалау қағидалары мен отбасы дәстүрі қолданылады. Бала өмірінде белгілі бір кезеңде қарым-қатынасқа байланысты қиындықтар туындау мүмкін. Бірақ мұны жүрекке алу тым жақын алудың қажеті жоқ. Коммуникативтік дағдылары қалыптасқан баланың бұл табысын ересектермен бірлесе отырып жетілдіру қажет. Бала тәрбиесінде кейде еркіндік қағидаларын ұстануды жөн көреміз. Мұндай жағдайларда балаларымыз көбінесе, еркіндіктің шегін білмей өседі, қыңыр, қырсық, кірпияз болады. Ата-ананың барлық назары балада болады, баланың тағдырына ,денсаулығына қатты алаңдайды, кейде тіпті,баласын ерекше талант,дарын,керемет ақылды деп санайды, сол себепті баласына ерекше күтім мен бақылау қажет деп ойлайды. Біздің өмірімізде барлығымыз орындауға міндетті белгілі нормалар мен талаптар бар. Мұндай талаптар балаға да қойылады. Бірақ ол талаптар мен нормалар баланың қажетттілігіне сай әрі көп болмауы керек.Сонымен қатар баланы жазалаудан аулақ болған дұрыс. Ата-ана өзінің әрбір іс-әрекеті, қимылы, көзқарасы арқылы баласына айтарлықтай әсер ететін естен шығармаған жөн.
«Жасөспіріммен жақсы қарым-қатынас жасаудың құпиясы».
 Ата-аналарға арналған кеңес.

 1. Жасөспірімді жақсы қабылдау.
 2. 
Оның ренішін және қажеттілігін белсенді «тыңдау».
 3. 
Бірге уақыт өткізу (оқу,сабақ дайындау).
 4. 
Оның жұмысына араласпау,ол өзі орындап шығады.
 5. 
Егер сұрасакөмек көрсету.
 6. 
Өз сезімдерімен бөлісу (яғни сену).
 7. 
Табыстарын қолдау.
 8. 
Кикілжіңді конструктивті шешу.
 9. 
Күнделікті қарым –қатынаста жағымды сөздерді пайдалану.
 10. 
Күніне 4, немесе 8 рет құшақтасу.
«Дарындылық» туралы ата-аналарға кеңес беру.

 • Балаға ойлауға және рефлексия жасауға уақыт беріңіз.
 • Үнемі дарындылық туралы мамандармен және дарынды балалардың ата-аналарымен қарым –қатынас жасаңыз.
 • Барлық салада баланың қабілетін дамытыңыз. Мысалы, интелекті дарынды балаға өте пайдалы сабақтардың бағыты: коммуникативті және шығармашылық, бұл бейнелеу қабілетін дамытуға арналады.
 • Баланы басқа баламен салыстырудан бас тартыңыз.
 • Балаға шешімді іздеуге қорықпай қажет беріңіз. Қиялы ойды бағалауға көмек көрсетіңіз. Қате жіберген кезін ойлап көрсін.
 • Уақытты дұрыс пайдалаған үшін және жұмысты жақсы ұйымдастырған үшін мақтап өтіңіз.
 • Сіздің балаңыз өз қолымен ойыншықтар жасасын,ойындар және модельдер таңдасын. Осы жұмысты мадақтаңыз.
 • Балаға кітаптарды таңдауға немесе басқа сұрақ пен жауап берілген хабарламалар іздеуге көмек көрсетіңіз.
 • Баланың қызуғышылығын барлық салада болса да үнемі қолдап отырыңыз.
 • Балаңыз дарындылықты үнемі барлық жерде көрсетеді деп күтпеңіз.
 Баланы түзеткен кезде, сақ болыңыз. Себебі сын баланың шығармашылық шабытын және сезімін сөндіреді.
 • Өзіңіздің отбасыңызға қарым-қатынас жасауға уақыт бөліңіз. Өз-өзін жоғары ұстауға көмек көрсетіңіз.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив