"Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз"
Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектепте 2022-2023 оқу жылы бойынша 6а сыныбында "Біз жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. 5-10 сыныптар арасында "Жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында плакаттар байқауы ұйымдастырылды. "Адал ұрпақ" клубының жетекшісі 9а сынып оқушысы Аршынқызы Қасиет және клуб мүшелері жоспарға сай әр -түрлі іс-шаралар өткізуде. Барлық өткізілген шаралар әлеуметтік желіге салынуда.