Ата-аналарға психолог кеңесі. » "Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Б.Сырттанов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
ноябрь
2021

Ата-аналарға психолог кеңесі.

Ата-аналар сіздер үшін.
Өзіне ата-ретінде қарау, өзінің отбасына ата-аналық құрмет көрсету, әр қадамына ата-аналық бақылау жүргізу – ең басты тәрбие әдісі.
Ата-ананың құқы.
1.Мектептің қоғамдық құрылуын сайлауға және сайлануға құқылы.
2.Кез-келген ата-аналар отырысының ұсынысын талқылауға, қабылданған шешімдерді бақылауға.
3.Білім беру әдісімен келіспеушілік салдарынан, баласын басқа мектепке, басқа сыныпқа ауыстыруға немесе мектепті тандауға.
4.Мектептің шаруашылығынан жеке бөліміне, кооперативтік бастама арқылы бекітілген қызығушылық сабақты ұйымдастыруға.
5.Мектептің және сыныптың қоғамдық өміріне қатысуға ұсыныс, пікір айтуына.
6.Баласың мектептің бітіру, сыныптан-сыныпқа көшу, емтихан жұмысының қорытындысын білуге құқылы. 
Ата-ананың міндеті.
1.     Міндетті: адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге.
2.     Жүйелі білім алуына жағдай жасауға, көмектесуге.
3.     Үнемі ата-аналар жиналыстарына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, баласының мектептегі өмірімен танысуға.
4.     Баласына ұлттық патриоттық, имандылық, ұлтжандылық тәрбие беруге.
5.     Өзі мәдениетті болып, үлгі көрсетуге.
  1. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келетін темекі, арақ тағы басқа улы заттарды қолданбауға олардың зиянды екенің түсіндіруге міндетті.
Ата-ананың жауапкершілігі.
Мектеп және қоғамдық кеңес, өнеркәсіптік қоғам, жастар қоғамы, құқық кеңесі, жасы жетпегендер ісінің инспекторы  алдында жауапты.
1.     Балаға деген адамгершіліксіз әрекет жасағаны үшін.
  1. Баланың жетіліп адам болуына дұрыс, лайық жағдай жасамағаны үшін.
  2. Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасаған үшін.
  3. Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалуына.
  4. Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына  бақылау   жасауға.
  5. Баланың адамгершілік тәрбие алуы үшін өз жанұясында бірлікпен татулықты ұстауға.
  6. Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінгі баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.
Ата-аналарға жаднама.
  1. Балаңыздың оқуына, тәрбиелеуіне, баланың белсенділігінің артуына тек мектеп тәрбиесі мен оқуының арқасында қол жеткізуге болатынын түсініңіз;
  2. Міндетті түрде ата-аналар жиналысынан қалмай, баланың сабағының үлгерімін үнемі  қадағалаңыз;
  3. Баланың күнделікті оқуындағы табыспен ой бөлісіңіз;
  4. Баланың күнделікті үй тапсырмасын орындауын қадағалаңыз;
  5. Баланың тек үй тапсырмасын орындаумен шектемей, білімін ары қарай жетілдіріңіз;
  6. Балаңыздың сыныптан тыс жұмыстарға қатысуын қадағалаңыз, мүмкіндігінше көмек көрсетіңіз;
  7. Мүмкіндігінше баланың айтқан әңгімесіне, өзі жайлы, мектебі туралы, достары туралы ойымен бөлісіп, баланың  көз қарасымен қарауға тырысыңыз;
  8. Өз мүмкіндігіңізге байланысты мектеп пен мұғалімге көмек көрсетуді ойлаңыз;
Ата-ана білуі керек.
- ата-ана құқығын;
- бала құқығын;
- мектеп ережесін;
- ата-ана міндетін;
- баласының қарым-қатынас ортасын, білім деңгейін;
- баланың икемділігін, бейімділігін;
- бала тәрбиелеудегі әдіс-тәсілдерді;
- баланың ден саулығын таза екендігін.
Құрметті, ата-аналар, ұстаздар мен тәрбиешілер.
  • баланы кешке дейін сынай берсе, ол жеккөргенді үйренеді;
  • бала өшпенділікпен өссе, ол қатыгездікті үйренеді;
  • балаға күле берсе, ол тұйық болып өседі;
  • балаға сөгіс бере-берсе, онда ол кінәлі сезіммен өседі;
  • бала шыдамдылықпен өссе, онда ол басқаларды қабылдауды үйренеді;
  • баланы қолдап тұрса, онда ол өзіне сенуді үйренеді;
  • баланы мақтаса, онда ол игілікті болып өседі;
  • бала шындықта өссе, онда ол адамдарға сенеді;
  • баланы орынсыз әлпештей берсе, ол өзімшіл болып өседі.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив