Жалпы ата-аналар жиналысы. » "Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Б.Сырттанов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
январь
2024

Жалпы ата-аналар жиналысы.

Жалпы ата-аналар жиналысында балалардың жыныстық тәрбиесі туралы әнгіме жүргізілді.  Ата-аналарға  балалардың психо-физиологиялық даму туралы дәріс берілді. 
Ата-аналарға бала тәрбиесі туралы кеңес парақтары таратылып, оның ішіндегі мәліметтер  талданды
Қазақ халқы қызының жазылмас дертке ұшырамауы үшін, жаза қадам баспауы 
үшін 10 түрлі талап қойған.
  1. Әдепті болу
  2. Ар-ожданы пәк болу
  3. Кең пейіл, кешірімді болу
  4. Мейір-шапағатты болу
  5. Ақыл-парасатты болу
  6. Сабырлы-салмақты болу
  7. Адал, ақ жарқын болу
  8. Мақсат-мұратты болу
  9. Өжет, батыл болу
  10. Ұят намысты болу
Қазақ халқы ұл баланың  тәрбиесіне қашан да үлкен көңіл бөлген. Ұл балаға жүйелі  тәрбие  беру үшін,  оның бойына ұлттық сананы сіңіру  керек.  
 1. Әкенің тәрбиесі ұл бала үшін  маңызды. Жауапкершілікті сезініп, перзентіңіздің санасына жақсы дүниелерді сіңіре біліңіз және еңбекке баулыңыз. 
2. Ұл бала анасына жақын демекші, ұлыңыздың өтпелі кезеңдегі мінез-құлқына түсіністікпен қараңыз. 
3. Жақсы көрген қызы болса ақыл айтыңыз, ұрысып мазасын алмаңыз. 
4. Кімді дос тұтып жүр, не көріп, не тыңдап жүргенін байқаңыз. 
5. Жанына демеу болатындай өсиет әңгімелер айтыңыз. 6. Жаны жабырқаса, құшақтаңыз, еркелетіңіз. Ұл баланың табиғаты сенгіш келеді. 
7. Туған-туыстың көзінше айғайлап ұрысудың қажеті жоқ. Бала өскенде қырсық, әлжуаз, кінәмшіл болып өседі. 
8. Қай мамандықты қаласа, соны таңдасын.
 9. Еңбекке көбірек араластырыңыз, сіздердің қадірлеріңізді түсінетін болады. 
10. Мақтаншақ болмасын десеңіз, тағы да еңбекке баулыңыз. Қазақтың батыр ұлдарын жиі айтыңыз, ұлттық құндылықтарды біле жүрсін.  
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив