15
октябрь
2025
"Желідегі қауіпсіздік" эссе және өлен байқауы
Осы айдарында өткен өлен байқауға қатысып І орын иеленген 11ә сынып оқушысы Жеңісбекқызы Маржанның өлені.
Әлеуметтік желі
Бүгінгі заман желілерге тәуелді,
Тоқтатпайды ешбір әуре оны енді.
Жаманы мен жақсы жағы таласқан,
Іздеп жүріп,табасың одан керекті.
Бар әлемді торлаған желі бүгін,
Желдей есіп барады көзі бүгін.
Сұмдық пен мазақтың ортасындай,
Кері кетіп барады жастар жолы.
Өлім толды интернетті шарлаған,
Шолып жүріп жас жалынды арбаған.
Жан түршігер қайғы мен қасырет,
Ата-ананың жан жарасын қайраған.
Үзілген жапырақтай ағаштардан,
Өмірден өтіп жатыр жас арыстан.
Мөлдіреп көздің жасын әр ата-ана,
Қалады қара жолда аңсап жастан.
Жапа шегіп желінің қарасынан,
Қара жәшік миында орнатылған.
Айналып жүр сайраған құстай болып,
Жас балалар уайымның арасынан.
Жеңісбекқызы Маржан 11ә-сынып оқушысы
Әлеуметтік желі
Бүгінгі заман желілерге тәуелді,
Тоқтатпайды ешбір әуре оны енді.
Жаманы мен жақсы жағы таласқан,
Іздеп жүріп,табасың одан керекті.
Бар әлемді торлаған желі бүгін,
Желдей есіп барады көзі бүгін.
Сұмдық пен мазақтың ортасындай,
Кері кетіп барады жастар жолы.
Өлім толды интернетті шарлаған,
Шолып жүріп жас жалынды арбаған.
Жан түршігер қайғы мен қасырет,
Ата-ананың жан жарасын қайраған.
Үзілген жапырақтай ағаштардан,
Өмірден өтіп жатыр жас арыстан.
Мөлдіреп көздің жасын әр ата-ана,
Қалады қара жолда аңсап жастан.
Жапа шегіп желінің қарасынан,
Қара жәшік миында орнатылған.
Айналып жүр сайраған құстай болып,
Жас балалар уайымның арасынан.
Жеңісбекқызы Маржан 11ә-сынып оқушысы