Бала тәрбиесі өз қолымызда! » "Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Б.Сырттанов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
апрель
2022

Бала тәрбиесі өз қолымызда!

 

Бала тәрбиесі өз қолымызда!

7-9 жас оқушылардың

  • Физиологиясы
  • Қан-жүрек жүйесі: жүректің өсуі баяулайды, жүрек соғысы жиілейді. 
  • Дем алу жүйесіндегі өзгерістер: осы жастан бастап көмей бұлшықеттері дамый бастайды. Қыз баламен ұл баланың дауыстары ерекшелене бастайды.  8 жастан – дем алу түрлері жыныстық сипат алады. Ұлдар ішімен демалады, қыздар кеудемен демалады.
  • Ас  қорыту жүйесі : асқазанның   шырышты қабығы өте нәзік келеді. Сондықтан баланың тамағы көбіне сұйық болғаны дұрыс және баланы тамақты жақсылап тұрып шайнауды үйреткені жөн.
  • Несеп жүйесі: балада күніне 1-1,5 л зәрі шығады. Құық кішкентай болғандықтан, балалар  кіші дәретке жиі барады.  
  • Тірек-қимыл аппараты өседі, дамыйды, салмақтары өседі
  • Психологиясы
  • Мидың дамуына байланысты  балалардың ойлау, қабылдау, зейін, еске сақтау процестері де дами бастайды. 
  •  Осы жаста балалар талдауды және жүйелеуді түсіне бастайды.
  • Мидың қай жартысы жақсы дамып кележатқанына баланың қандай білімдерге бейім екені белгілі бола бастайды. 

      Он жақ мидың жақсы дамуы:  епті, топтық ойындарды жақсы көреді;  спортқа деген құлшыныстары бар, бірақ сөйлем құрастырулары көбіне дұрыс болмайды; үй тапсырмасын бұл балалар біреудін көмегінсіз дұрыс орындай алмайды. 

Мидың сол жағы жақсы дамығандар: шыдамды, тәртіпті, жалғыз жүргенді ұнатады;  сөйлеуі дұрыс, бірақ жазба тапсырмаларды орындауы баяу.  

4. Психикалық өзгерістер: қозу, асығыс, бір тапсырмадан екінші тапсырмаға тез ауыса алмау; зейіндері еріксіз болғандықтан балалардың көңілдері тез ауып кетеді.

Қабылдау процесі көрнекі-бейнелі болғандықтан балаға білімдер көбіне сурет арқылы беріледі 

Бұл жастағы баланы ынталандыру м үшінарқылы талай жеңістерге жеткізуге болады

10-15 жас оқушылардың (жасөспірімдік шақ)

Физиологиясы

Қан –жүрек жүйесінде аса өзгерістер жоқ

Дем алу жүйесінде жыныстық сипат анық көріне бастайды. Баланың өкпесі жаңа туған нәрестенің өкпесінен 20 есе артады. Осы жастағы баланың өлен айтуға, суда жүзуге мүмкіндіктері өседі.

Ас қорыту жүйесі: тістер толығымен ауысады. Асқазандары 20 см өседі.

      Несеп жүйесі: құықтары өседі, күніне 

            2 л зәр шығарылады.

5.         Эндокриндік жүйесі  басқаша жұмыс   

            жаса бастайды. Оның нәтижесінде 

            жыныстық сипатта өзгерістер пайда  

            бола бастайды (ұлдардың да қыздардың  

            да   өзгере бастайды. Кей бір                

            жерлерде түк шығады, ұлдардың  

            дауыстары өзгереді, қыз баланың 

            кеудесі өседі, етеккір келеді)

Тірек-қимыл апаратында да талай  өзгеріс пайда бола бастайды. Ұлдардың бойлары қызбалаларға қарағанда уақытша өспей тоқтап қалады.

  • Психологиясы

1.Бойлары өсіп, жүрек бойдын артынан үлгермей қалады, сондықтан жүрек жұмысы жағынан балаларда қиыншылықтар уақытша пайда болады. Бала тез шаршайды, жүрек қысып, қатты соға бастайды. 

2. Жыныстық сипатта өзгерістер   бола бастағанда балалардың өз денелеріндегі өзгерістерге қызығушылық пайда бола бастайды. Осы жақтан түсіндірмелі жұмыстар жүргізілмесе қызығушылық пен бірге  қорқыныш де болу мүмкін. Денесіндегі өзгерістер туралы ата-ана балаға түсіндіруді білу керек. 

 1. Ұлдардың дауыстың өзгеруі

2. Қыздардағы етеккір

3. Ұлдардағы полюциялар

4. Ұлдардың жыныс мүшесінің еріксіз қозуы

5. Түктің өсуі  

16-17  жас

«Гармондар жарылыс»  уақыты.  Бозбалалық шақта балаларды басқаратын гармондар. Олар тез шаршайды, ашуланшақ,   жылауық,  өкпелегіш, ұйықышы  келеді. Сонымен 

Көңіл-күйі жиі өзгереді.  Сөйлеу қабілеттері баяулайды.

Бала өз бетімен шешім қабылдағысы келеді.

Білім алу мүмкіндіктері өсе бастайды. Ойлау, қабылдау, еске сақтау қабілеттері арта түскенімен бірге баланың өзіне деген сенімі арта бастайды.  

Бұл уақытта бала үшін сырт келбетінің  тартымдылығы өте маңызды рөл ойнайды. Бұл жаста бетке шыққан безеу «ҮЛКЕН ПРОБЛЕМА» болып есептелінеді.

Осы уақытта БІРІНШІ МАХАББАТ ПАЙДА БОЛУ МҮМКІН.  

Баланы тәрбиелеу үшін
  не керек?
 
 1. мәдениет
 2. үлгі
 3. салт-дәстүр
 4. тіл (видео көрсету)

ОЙЛАРЫҢЫЗ тек он болсын,
 өйткені ол сіздердің сөздеріңіз болады!
 
  СӨЗДЕРІҢІЗ тек он болсын,
 өйткені ол сіздердің істеріңіз болады!
 
 ІСТЕРІҢІЗ тек он болсын,
 өйткені ол сіздердің әрекеттеріңіз болады!
 
  ӘРЕКТТЕРІҢІЗ  тек он болсын,
 өйткені ол сіздердің әдеттеріңіз болады !
 
  ӘДЕТТЕРІҢІЗ тек он болсын,
 өйткені ол сіздердің  құндылықтарыңыз болады !
 
  ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫҢЫЗ тек он болсын,
 өйткені ол сіздердің ТАҒДЫРЫҢЫЗ болады!



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив