Бала тәрбиесі-баршаның ісі
Бала тәрбиесі қай кезден басталатындығы жәйлі көптеген пікір таластар бар. Кейбіреулер тәрбие тал бесіктен басталады десе келесісі бала ес біліп, етек жеңін жиып ержеткен соң тәрбие ала бастайды дейді. Ал, кейбір ғалымдар: “бала ана құрсағында пайда болған кезден-ақ оның тәрбиесі басталады”- деп көреді. Нәресте анасына кіндігімен жалғасқандықтан ана қандай күйде болса ол да сондай халде болатын көрінеді. Мәселен, ана құнарлы ас ішіп жесе құрсағындағы бала да тез өсіп жетіле бастайды. Ана айқай - шусыз тыныш ортада дұрыс өмір сүрсе бала да тыныш есейіп толысады екен. Сондықтан екіқабат әйелге қамқорлық ауадай қажет. Яғни ол ешқандай үрейсіз,көңілі көтеріңкі өмір сүруі іштегі нәрестенің өсіп-өнуіне, тәрбиесіне тікелей байланысты. Көптеген адамдар осыған жете мән бермегендіктің салдарынан шыр етіп жарық дүниеге келгеннен дұрыс тәлім бере алмағандықтан бала тәрбиесі барлық жағынан осалдап бара жатқанын аңғаруға да болады.
Балаға экономикалық жағдай толығынан жасалса да рухани азық өте жетіспейді. Ол-білім мен тәрбие.