27
март
2021
Тәрбие отбасынан басталады
Тәрбие отбасынан басталады. 2020-2021 оқу жылы бойынша 4 наурыз күні "Аналар -асыл жандар" тақырыбында 1-11 сыныптың ата-аналар комитеттерін мектепке шақырдық. Ата-ана комитеттерін мектеп директоры Мукашев И.Г және оқу ісі жөніндегі орынбасары Әсетбек Қ мейраммен құттықтап, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Акашева А.С дөңгелек үстел өткізді. Ата-аналар комитеттеріне "Бала тәрбиесі", "Отбаслық құндылықтар", "Оқушылырдың уақытын тиімді пайдалану", "Ұялы телефонды дұрыс , тиімді пайдалану, баланы еңбекке баулу" тақырыптарында ой қозғалды. Дөңгелек үстел соңында жалпы ата-аналар комитетінің төрайымы Қасымбекова М.Ұ және 11а,11ә сыныптың ата-ана комитеттері Шарова А, Оспанбекова Э.С сыйлықтар табыстадық. Демеушілік жасаған "Тамаша" дүкені.