2022-2023 оқу жылының І,ІІ,ІІІ тоқсан бойынша жұмыстар есебі » "Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Б.Сырттанов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2023

2022-2023 оқу жылының І,ІІ,ІІІ тоқсан бойынша жұмыстар есебі

«Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебі,

мектепеке дейінгі шағын орталығымен»

 коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2022-2023 оқу жылының І,ІІ,ІІІ тоқсан  бойынша  жұмыстар есебі

              Мектепшілік психологиялық қызметінде 6 бағыт бойнша   жұмыс жоспары құрылған:  

І. Диагностикалау

ІІ  Түзету-дамыту жұмысы,  

III. Профилактика және психологиялық ағарту, 

ІҮ. Консультация беру,

Ү. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс

ҮІ. Талдамалық есептер  

І бағыт диагностика бойынша  өткен 3 тоқсанда әр турлі мақсатта  9 тест, 5 сауалнама жүргізілді. Олар:  1 сыныптың мектепке бейімделуі Керн-Йирасек тесті; 5 сыныптардың орта буынға ауысуына байланысты сауалнама; Жоспар бойынша «Мектептегі агрессия түрлері», Г.Айзенктің «Өз тұлғанын психикалық ахуалын бағалау», «Суицидке бейімділік», «Өз қорқынышыңды жеңе аласын ба?» «Кактус»,  «Менің автопортретім», «Социометрия»  «Қабылдау қабілеттерің анықтау», «Еске сақтау қабілеттерін анықтау» «Бала мен ата-ана арасындағы байланысты анықтау»; «Менің жанұям» атты диагностикалық жұмыстар алынды.       Олардың нәтижелері тиісті орындарда қарастырылды.   Осы бағытқа сәтсіз, көпбалалы жанұяларды аралау, олардың жанұялық жағдайды бақылау да жатады.

ІІ бағыт  Түзету-дамыту жұмысы бойынша  оқушылармен: тузету сабақтарымен бірге «Сыныбымның туған күні» , «Мен және менің сыныптастырым» атты  тренингтер,    жалпы психологиялық қабілеттерді дамыту ойын-жаттығулар өткізілді. «Мен және менің балам»     тақырыпты  сабақ, «Ата-ана және бала» 3-7-8-9 сынып ата-аналарымен,  және оқушыларымен тренингтер өткізілді.

III. Профилактика және психологиялық ағарту: оқушылар арсындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында әр-түрлі     психологиялық ойын жаттығулар, тренингтер өткізілуде.  Олар: 3 сыныптармен өткізілген дамыту ойын-жаттығулар, 2 сыныптарда өткен «Менің сыныбым» атты тренингтер, 5 сыныпта өткізілген «Сыныбымның туған күні » сынып сағаты. Осымен бірге 8 сынып оқушылармен Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайына, М.Тынышбаев атындағы мұражайға, Б.Римова атындағы театырға барып, балаларды туған өлке, туған жердің тарихымен, табиғатымен, атақты адамдарыдың өмір баяндарымен таныстырылды.  Осы бағыт бойынша   ата-аналардың бала тәрбиесіне байланысты білімдерің толықтыру барысында жеке сыныптардың және жалпы ата-аналар жиналыстарында баяндамалар оқылып, жадынамалар, кеңестер беріледі.  

ІҮ. Консультация беру бағыты. Осы бағыт бойынша қыркүйек айынан бастап 28 жеке және 9 топтық кеңес берілді. Осы бағытқа «Сенім жәшігі» мен «Сенім телефонын»да жұмысы   кіреді. Телефонмен хабарласып жатқан еш кім жоқ, ал жәшікке түсіп жатқан хаттар бойынша өз уақытымен жұмыс жүргізіліп  шара қолданып жатады. 

Ү. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс. Жоғарыда айтылған тренинг-жиналыстар толығымен кіреді. 

Бұл бағыт бойынша жұмыс тікелей мектептің әлеуметтік педагогымен және медбикемен байланысты. Медбике жоқ болғандықтан, психологияға байланысты медициналық білімдерді, яғни балалардың физиологиялық даму туралы ата-аналардың жиналысында үнемі айтылады. 

Әлеуметтік педагогпен бірігіп мектеп оқушыларын топтастыру жұмыстары және жанұялық бақылау жұмыстары жүргізілді. 

VI. Талдамалық есептер бағытта биылғы жыл бойынша  психологиялық қызметтің   есебі берілді. 




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив