Жас маман - бүгін, ертең! » "Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Б.Сырттанов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
ноябрь
2021

Жас маман - бүгін, ертең!

Қараша айының 2-ші жұлдызында әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес "Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ де жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында "Жас маман- бүгін, ертең" атты семинар өткізілді. Семинардың аты айтып тұрғандай, жас маман бүгін мектепке білімімен, бірақ еш тәжірибесіз жас шыбықтай еңбек жолын бастаған маман. Сол еңбек жолында жалықпай, талмай ізденіп, жан-жақты даму үстінде тәжірибе жинақтаса, ертең үлкен, мықты, тәжірибелі, білім нәрімен сусындаған діңі мықты қарағайға айналары сөзсіз.Семинар жоспары бойынша
1. Мектебіміздің тәжірибелі де білікті ұстаздардың бірі де бірегейі, айтулы тренер-Ниязова Алмагүл Кабирқызы
" Күнтізбелік тақырыптық жоспар мен қысқа мерзімді жоспарды құрудың алгоритмі" тақырыбында жас мамандарға күнтізбелік жоспар мен қысқа мерзімді жоспардың қалай құрылатыны жөнінде әдістемелік кеңестер бере отырып, практикалық тапсырмалар беру арқылы жас мамандардың біліктілігін арттыруға үлкен үлес қосты.
2. Мектебіміздің логопед маманы-Асет Сәния Алпамысқызы "Инклюзивті білім беру" тақырыбы бойынша өз тәжірибесін жас мамандарға тарата отырып, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс түрлері туралы түсінік берді.
3. Мектеп психологі Ниязова Светлана Тоқтарқызы жас мамандармен арнайы тренинг өткізіп, "Тәртіп және олардың сақтау ережелері" тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
4. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Тілеухан Нұртәліп мектепішілік бақылау және басқару жұмыс жоспарымен таныстырды.
5. Жас мамандар жетекшісі Аманкулова Кенже Сауытбекқызы жас мамандарға арналған жоспарларымен бөлісіп, жас мамандарға арналған эстетикалық кеңестерімен бөлісті.
Семинар барысында жас мамандар практикалық тапсырмаларға белсене қатысып, өз ойларын ашық және орынды жеткізе білді. Семинардан алған білімдерін, тәжірибе барысында қолдануға мақсат етіп белгіледі.

Семинарды ұйымдастырған мектеп директорының әдістемелік жөніндегі орынбасары: Ақсубаева Раушан Жұмағалиқызы

Похожие публикации:

22 октябрь 2021 "Лидер педагог-2021"
22 октябрь 2021 "Тіл-қазына"
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив