АЛМАТЫДА БІР ҮЙ БАР... » "Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Б.Сырттанов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
октябрь
2021

АЛМАТЫДА БІР ҮЙ БАР...

Барлыбек Сырттановты көзі қарақты оқырман жақсы біледі. Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі Ата заңының негізі алаш қайраткері Барлыбек Сырттанов жазған «Қазақ елінің уставымен» сәйкестендірілген. Жуырда ғалым, жазушы Елдос Тоқтарбайдың құрастыруымен алаш қайраткері Барлыбек Сырттанұлының "Қазақ елінің уставы" деп аталатын тұңғыш шығармалар жинағы жарық көрді. Б.Сырттановтың қазаққа сіңірген еңбегі тек «Қазақ елінің уставы» ғана емес, ол Әлихан Бөкейхан, Жақып Ақбай, Бақытжан Қаратайұлы, Мұхамеджан Тынышпайұлы сияқты алаш азаматтарымен бірге қазақтың азаттығы үшін жан салған күрескер.Алматы қаласында осындай ұлт тұлғаларының бірі Барлыбек Сырттанов тұрған Бәрібаев көшесіндегі № 5 үй әлі бар. Бұл үйде Барлыбектің тұрғаны туралы алаш азаматтарының еңбегін зерттеп жүрген Елдос Тоқтарбай Барлыбектің ұлы Кәкенің өз қолымен жазған хаты арқылы дәлелдейді. Ал ғаламтордағы ашық дерек көздеріне сүйенсек, Мұхамаджан Тынышбаев өзінің «Барлыбек Сырттанов» туралы жазған некрологында «Барлыбек, Тұрлыбек» аталып ағайынды екеуі Алматыда тұрды. Жетісу облысына қараған қазақ-қырғыз бәрі бұларға ағайын-туыс болып, бұлардың үйінде топырлап жатпаған кезі болған емес. Теңдікке қолы жетпегендер Барлыбек, Тұрлыбекке жылап келіп, теңдік алып мауқын басушы еді» деп жазыпты.
Бүгінде алаш қайраткері, демократ, реформатор, заңгер Барлыбек Сырттанов тұрған үй тозығы жетіп, жетімсіреп тұр. Қазір ол үйге жақын маңдағы ескі үйлер бұзылып, орнына көпқабатты үйлер салынуда. Қазақ тарихында өзіндік орны бар алаш азаматы тұрған үйді мемлекет қамқорлығына алу, реставрация жасап, бүгінгі ұрпаққа тәлім болар мұражайға айналдыру ел билігінде жүрген қазақ азаматтарының парызы. (АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТ ГҮЛНӘР ЖАПАРҒАЛИҚЫЗЫНЫҢ ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ)
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив