05
июнь
2017
мектеп жанындағы лагер жұмысы 2 - күн
2-маусым күні лагер жұмысы балаларды қарсы алудан басталып, Таңғы жаттығу жасалынды. Тәрбиешілердің ұйымдастыруымен «Білгіштер бекеті» зияткерлік ойыны өткізілді. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі «Спорт біздің досымыз» эстафеталық ойындар ұйымдастырды. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында «Қазақ халқының ерлігі» туралы бейне роликтер, мультфилимдер көрсетілді.