Оқу-тәрбиелік жұмыс » Страница 6 » "Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Б.Сырттанов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Салауатты өмір салтын қолдаймыз"
08
октябрь
2019
"Салауатты өмір салтын қолдаймыз"
Б.Сырттанов атындағы орта мектепте 2018-2019 оқу жылында ата-аналарға арналған жылдық жоспарға сәйкес  "Салауатты өмір салтын қолдаймыз!" тақырыбында 9-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттарын ата-аналар өткізді. Маскүнемдік, нашақорлық, темекінің зардабы туралы айтылып, оқушыларға адам ағзасына пайдалы заттар туралы айтылды.
Ұстаздар мейрамы
08
октябрь
2019
Ұстаздар мейрамы
Б.Сырттанов атындағы орта мектепте 2018-2019 оқу жылы бойынша қазан айында 9ә сынып оқушылары сынып жетекшілері Лесхан Арайлым және ата-аналар ұстаздар мерекесіне арнап мерекелік концерт ұйымдастырды.
Эко сабағы
04
октябрь
2019
Эко сабағы
Б.Сырттанов атындағы орта мектепте 5а-10а сыныптарына география пәнінің мұғалімі Сарбекова А.Р "Егер жер алма болса" тақырыбында сабақ өтті. Оқушылар мектеп бағына жас көшеттер отырғызды. 
2019-2020 оқу жылы Ұстаздар мерекесі
03
октябрь
2019
2019-2020 оқу жылы Ұстаздар мерекесі
Б.Сырттанов атындағы орта мектепте 3 қазан күні 6а сынып және сынып жетекшілері Азей Н ұйымдастыруымен ұстаздарға арналған мерекелік іс-шара өтті. Ұстаздарға арнап мектепте "Өзін-өзі" басқару ұйымы сабақтар өткізді.
2019-2020 оқу жылы "Қарттар -асыл қазынам"
01
октябрь
2019
2019-2020 оқу жылы "Қарттар -асыл қазынам"
Б.Сырттанов атындағы орта мектепте 1 қазан қарттар күніне орай 5ә сынып оқушылары және сынып жетекшілері Ақсубаева Р.Ж "Қарттар-асыл қазынам" тақырыбында Арасан ауылымыздағы барлық қарт кісілерді шақырып, мерекелік концерт ұйымдастырды.
5-8 сыныптардың әкелері арасындағы волейболдан жарыс
30
сентябрь
2019
5-8 сыныптардың әкелері арасындағы волейболдан жарыс
Б.Сырттанов атындағы орта мектепте ата-аналарға арналған жылдық жоспарға сәйкес 5-8 сыныптардың әкелері арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа 5 команда қатысты. Соңында жеңіске жеткен әкелерді марапаттау рәсімі өткізілді.
"Денсаулық фестивалі -2019 " спорттық іс-шара
28
сентябрь
2019
"Денсаулық фестивалі -2019 " спорттық іс-шара
Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектепте "Денсаулық фестивалі-2019" 1-11 сыныптар арасында өтті. Оқушылардың спорттық жарыстарға қатысуына байланысты демеушілік жасаған ата-аналар комитеттері мен "Қамқоршылық " кеңестің мүшесі Қанабеков К ,жүлделі орын алған  оқушыларға арнайы сыйлықтар жасады.
Көркемөнерпаздар байқауы-2019
23
сентябрь
2019
Көркемөнерпаздар байқауы-2019
Б.Сырттанов атындағы орта мектепте Арасан ауылдық округінің мәдениет үйімен бірлескен көркемөнерпаздар байқауы өтті.
Ұлдар жиналысы
23
сентябрь
2019
Ұлдар жиналысы
Б.Сырттанов атындағы орта мектепте "Алға" ұлдар клубы бар. Ұлдардың тәртібі мен ұлдарға тәрбие беру мақсатында клуб  жетекшісі болып Мұқашев И.Ғ сайланған. Жылдық жоспарға сәйкес ұлдармен жиналыстар, кездесулер, жиындар өткізілуде. 
Қазақ үй лагері-2019
20
сентябрь
2019
Қазақ үй лагері-2019
Б.Сырттанов мектебіндегі қазақ үй лагеріне 120 оқушы қамтылды. Ұлттық тарбие бойынша оқушылармен 5 күндік іс-шара өткізілді.