Алматы облысы Ақсу ауданы Арасан ауылы Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектептің мектеп тарихы » "Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Б.Сырттанов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
март
2022

Алматы облысы Ақсу ауданы Арасан ауылы Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектептің мектеп тарихы

1912 жылы Вячислав Моисеевич Приезжев атты азаматтың бастауымен ең алғаш Арасанда 60-80 балаларға арналған 2 кластық мектеп ашылды. Сол мектептің алғашқы мұғалімі В.М.Приезжевтің өзі болды. 1930 жылы мектеп сегізжылдық мектеп деп аталып, онда 96 оқушы білім алды. Мектеп директоры А.Наумов болды. 1939-40 жылы 400-орындық мектеп үйі салынып пайдалануға берілді. 1996 жылы Арасан орта мектебіне Барлыбек Сырттановтың аты берілді. 2008 жылы мектеп жанынан «Балдәурен» шағын орталығы ашылды. Арасан мектебінде әр жылдарда қызмет еткен директорлар:
1930-35ж Наумов.А
1936-38ж Новиков П.Г
1938-40ж Мельков В.Н
1940-44ж Берцун И.Л
1945-47ж Шкупов В.П
1948-49ж Баймулдин А
1950-51ж Қасымбаев М
1952-61ж Мамбетов Қ.М
1961-68ж Ахметова М
1964-66ж Баймулдин А
1967-69ж Рахимжанов К.А
1970-76ж Мамбетов К.М
1977-87ж Омаров Т.О
1987-88ж Шынасылов Ж.Ш
1988-94ж Әбішев С.Ә
1994-2003ж Шарипбаев А.Қ
2003-2019 ж Мальтекбасов А.Ж
2020 ж Мукашев И.Г
Ардагер, атақ-даңқы бар ұстаздар
Саурыкова Гүлжахан
(1922-2002)
Қазақ педагогикалық институтын бітіргеннен бастап, өмірінің соңына дейін Арасан орта мектебінде қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. Осы аралықтарда мектепте партия ұйымының секретары және Қапал аудандық білім бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Ұлы Отан соғысының 40-50 жылдағы мерекелік медальдарымен марапатталған.
Есімов Бегасыл (1922 -2007)
Қапал педагогикалық училищесін бітірген. Сол уақыттан соң өмірінің соңына дейін Арасан орта мектебінде еңбек пәнінен сабақ берген. Осы аралықта мектептің шаруашылық бөлімін басқарған. Ұлы Отан соғысының ардагері. Ұлы Отан соғысының жеңістеріне арналған мерекелік медальдарының барлығының иегері.
Оразалина Ұлтуған
1922 жылы туылған. 1944-45 жылдары Қапал педагогикалық училищесін бітірген. 1945-74 жылдары аралығында Арасан орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып істеді. 1941-45 жылдары аралағында «За трудовые доблести», 1957 жылы «Батыр ана», 1975 жылы «Еңбек ардагері», 1973 жылы Қаз. ССР халық ағару ісінің «Озық қызметкері» значогімен және Ұлы Отан соғысының 50-шы, 60-ші жылдағы мерекелік медальдарымен марапатталды.

Мәлтекбасов Жабықбай (1924-1999)
Қапал педучилищесін бітірген. Арасан орта мектебінде 57 жыл математика пәнінен сабақ берген. Қазақ ССР «Озық қызметкері» значогімен наградталған. Сол сияқты ардагер ұстаздарымыз: Есжанов Мақатай Омарұлы, Қожабеков Рысбек Қожабекұлы, Демеуова Нұрсара Демеуқызы, Мәмбетов Ғарифолла Қалиолдаұлы, Бектемісова Мәдина Ахметқызы, Саврулина Полина Ивановна, Кашкаров Иван Михайлович, Филипова Мария Антоновна, Якобинец Мария Степановна, Ибрагимова Наталия Николаевна, Валиева Рашида Сұлтанқызы, Абдилдинов Меделхан Сманұлы, Нұрғалиев Данабек Нұрғалиұлы, Ешмұхамбетов Ануар Ешмұхамбетұлы, Қуандықов Құдайберген, Көшеров Құдиярхан Сламбекұлы, Көшерова Қайыпжамал, Заханова Күлән Заханқызы, Дүйсенова Күләш Дүйсенқызы, Ербатырова Рәш Ербатырқызы, Қаңғабылова Үмітай Нұрлыбекқызы, Төкенова Шәмиян Төкенқызы, Смағұлова Құрманхан Тұрсынханқызы, Жарқынбаева Оңғар Ысқаққызы. Есжанова Карима Омарқызы.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив