10
сентябрь
2025
10 қыркүйек Отбасы күні. "Бәрі отбасынан басталады!" ата-аналармен тренинг
«БӘРІ ОТБАСЫНЫН БАСТАЛАДЫ!»
тренинг
Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы. Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу. Ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру.
Міндеті: ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру.
Ата-аналарды тіркеу: әр ата-ана қазақ үйдің суретің алып, оның ішішне отбасының тегін, балаларының сыныптарын жазып плакатқа жапсырады.
Жаттығу«Аяқталмаған сөйлем»
1-топ:
Сәби бақыты, ол –
Ата – ана бақыты, ол –
2-топ:
Әйел бақыты, ол –
Ер – азамат бақты, ол –
3-топ:
Ұстаз бақыты, ол –
Отбасы бақыты, ол-


"Жанүя суретін салу" атты проективтік әдіс арқылы әр ата-ана өз отбасының мүшелерінің өз өміріндегі орның анықтап алды.


Баланың дамуындағы психологиялық және физиологиялық ерекшіліктер туралы ата-аналармен бірге талданды.

Балама хат. Әр ата-анаға хаттың бланкісі ұсынылды. Бланкіге баласына хат жазылады. Хатта ата-аналар өз балаларына деген жақсы жылы ой-тілектер жазды.
Кеңес беру. Ата-аналарға буклеттер тарату. Буклеттегі кеңестерді түсіндіру , талдау жүргізілді. Тренингтің аяғында ата-аналар өз ой пікірлерімен бөлісті.


