"Екі әлем ұлдар мен қыздар" сынып сағаты
Мақсаты: ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас мәдениетінің негіздерін қалыптастыруға және ұжымда тұлғааралық қатынастарды құруға ықпал ету. Міндеттер: ерлер мен әйелдер әлемінің ерекшеліктерін ашу; қыз-қыз, ұл-ұл, ұл-қыз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру; оқушыларды қыздың нәзіктігін, ұлдың батылдығын ажырата білуге үйрету. Жағдаяттарды шешу. Мұғалім оқушыларға сабақ тақырыбын кеңінен түсіндіру үшін жағдаяттарға құрылған суреттерді талдап, шешімін айтады.