22
сентябрь
2023
Балаларыңыздың мектепке бейімделуі.


Мектеп психологі Ниязова Светлана Тохтарқызы және сынып жетекшісі Қалиева Жанна Серікбайқызы бірігіп 1 сынып ата-аналарымен "Балаларыңыздың мектепке бейімделуі" тақырыбында жиналыс өткізді. Жиналыс тренинг форматында жүргізілді. Тренинг ата-аналармен танысудан басталды. Әр ана "Бір сынып - Бір шаңырақ" атты плакатқа өз үйін орналастырды. Үйне ата-аналардың аты -жөндері жазылды. БЕЙІМДЕЛУ ДЕГЕН СӨЗДІ ҚАЛАЙ ТҮСІНЕСІЗДЕР! және Мектепке бейімделу кезеңі немен ерекшеленеді? деген сұрақтарға аналар өз жауап берді. Ары қарай аналар "МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДІЛІГІНІҢ ДӘРЕЖЕСІН АНЫҚТАУ " атты сауалнаманы толтырды. Өз балаларыңын мектепке қаншалықты дайын екендігін анықтап алды. Жиналыс «Ұлпа қар!» және "Менің жанұям"атты жаттығулармен жалғасып, рефлексиямен аяқталды. Рефлексияда әр ана бүгінгі жиналыста қандай пайдалы мәліметтермен танысқанын және бала тәрбиесіне деген өзінің пікірімен алмасып отырды. 


