18
октябрь
2025
✨«Жарқыра, алтын күз!» атты күзгі балл мерекесі ✨
Мектебімізде 2025 жылдың қазан айының 18 күні мектебімізде 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Жарқыра, алтын күз!» тақырыбында күзгі балл ұйымдастырылды. Бұл мереке – алтын күздің көркемдігін дәріптеу, оқушылардың шығармашылық қабілетін таныту және өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілді.
Мерекелік кеш барысында оқушылар сәндік киімдер шеруіне қатысып, ән айтып, би билеп, түрлі көңілді ойындар мен сайыстарда бақ сынасты.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті, қатысушылар мен көрермендер күзгі көңіл-күйге бөленіп, жарқын сәттерге куә болды. Мұндай шаралар оқушылардың ұйымшылдығын арттырып, мектеп өмірін қызықты әрі есте қаларлықтай етеді.




