05
июнь
2017
мектеп жанындағы демалыс лагерінің жұмысы 1-күн
1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектеп жанынан құрылған «Балдәурен» демалу лагері өз жұмысын бастады. Мектеп жанынан құрылған демалыс лагері үш кезең бойынша жұмыс жүргізеді. 1- кезең маусымның 1 жұлдызынан бастап 10 жұлдызына дейін жалғасады. Лагер жұмысының 1-күні. Лагердің ашылу салтанаты болып өтті. Ашылу салтанатында балалар ән айтып, би билеп, арнау өлеңдер оқыды. Соңында «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында суреттер салды. Лагерге келген оқушыларға лагер ержесі таныстырылып, қауіпсіздік техникасының ережесімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.